Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 ақпан 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Альберт Рауды қабылдады.

А.Рау облыстың 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, сондай-ақ Мемлекет басшысының елорда айналасында азық-түлік белдеуін құру және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.


Президент облыстың аграрлық саласының сүт және ет секторын дамыту туралы нақты тапсырмалар берді, ағымдағы жылы құс (бройлер) фабрикасының құрылысын бастау және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың бас жоспарын әзірлеу міндетін қойды.


- Облыста 60-тан астам жоба жүзеге асырылуда. 2009 жылдың өзінде біз Астана мен облыстың тауарлы жұмыртқа жөніндегі қажетін толық жабамыз. Сүт жеткізу көлемін арттыра түсудеміз. Ағымдағы жылы екі сүт кешені пайдаланылуға беріледі. Ет өндірісін дамыту көзделіп отыр. Таяудағы үш жылда Президенттің Астана айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі тапсырмасы орындалады, - деді А.Рау журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар