Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 мамыр 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қабылдады.

Ж.Досқалиев Президентке балалар мен аналар өлімін азайту, туберкулездің алдын алу және медициналық білім берудің сапасын жақсарту жөніндегі берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.


Министр сондай-ақ Мемлекет басшысын Н1N1 тымауының әлемге таралу жағдайы және Қазақстанда осыған байланысты қолға алынып отырған алдын алу шаралары жөнінде хабардар етті.


- Бүгінде Қазақстанда Н1N1 вирусы тіркелген жоқ. Ірі халықаралық әуежайларда адамның дене қызыуы бар-жоғын анықтайтын тепловизорлар орнатылған. Сондай-ақ осы індеттің Қазақстанға келуіне жол бермеуге бағытталған басқа да шаралар қолданылды, - деді Жақсылық Досқалиев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар