Жаңалықтар

9 мамыр 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойып, ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдығымен құттықтады.
big-01.jpg

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысындағы қан майданда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Ресми рәсімнен кейін Елбасы алаңда тігілген шатырлы қалашыққа барып, ардагерлермен бейресми жағдайда әңгімелесті. Майдангерлер Елбасына өздерінің әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.


- Бүгін ұлы мереке, біз 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтудеміз. Бұрынғы Кеңестер Одағының барлық халықтары мен ұлттары бірігіп шайқаса отырып, фашизмді жеңді. Осы Жеңістің арқасында Қазақстан халқы еркін мемлекетте өмір сүріп отыр, әрбір қазақстандықтың ұлттық нәсіліне қарамастан, өз тілін, мәдениетін білуге, балаларын тәрбиелеуге және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндігі бар. Мұның өзі Қазақстанның барша халқы үшін, тұтастай алғанда еліміз үшін нағыз бақыт, - деді Н.Назарбаев.


Президент жастардың ардагерлерден үлгі алып, Отанды қорғауды үйренулері қажеттігін, еліміздің партиоты болып, өздерінің әрдайым мемлекеттің қамқорлығында болатынын сезінулері тиіс екенін мәлімдеді.


Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерейлі мейраммен құттықтап, ардагерлерге мықты денсаулық пен келесі жылғы Жеңістің 65 жылдығын бірге мерекелеуді тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар