Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 ақпан 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей «Внешэкономбанкінің» төрағасы Владимир Дмитриевті қабылдады.

Владимир Дмитриев Мемлекет басшысын Ресей «Внешэкономбанкінің» Қазақстанның даму институттарымен ынтымақтастығын дамыту барысы туралы хабардар етті.


Нұрсұлтан Назарбаев «Внешэкономбанк» басшылығының мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы үшін ресейлік жабдықтар жеткізетін және Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынастарында есеп айырысуды оңтайландыруды қамтамасыз ететін Сауда үйін құру жөніндегі идеясын мақұлдады.


Президент сондай-ақ «Внешэкономбанк» пен «Қазақстан Даму банкінің» инфрақұрылымдық инвестициялар қорын құру ниетін қолдады. Бұл қордың кем дегенде 20 пайызы Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.


- Қазақстан Президенті біздің Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ықпалдастық байланыстарды нығайту жөніндегі күш-жігерімізге оң баға берді. «Внешэкономбанк» биыл ШЫҰ-ның банкаралық бірлестігіне төрағалық етеді. Біз бұл мәселеге екіжақты ынтымақтастықтан көпжақты жобаларды жүзеге асыруға көшу қажеттігі тұрғысынан келіп отырмыз, – деді Владимир Дмитриев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар