Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 желтоқсан 2011
Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен Қазақстанның іскер топ өкілдері құттықтайды.

«Arcelor Mittal» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лакшми Митталдың хатында былай делінген: «Бұл соңғы 20 жыл бойы өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жаңғырту және нығайтуда үлкен жолды жүріп өткен ұлт үшін елеулі кезең. Қазақстанның табысы Сіздің айналаңызға топтасқан     халықтың ұжымдық күш-жігерінің орасан нәтижесі болып табылады. Сізге және Қазақстан Республикасының халқына бейбітшілік, бақыт және гүлдену тілейміз».

Ал «ENRC» компаниясының акционерлері Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовтың құттықтау жеделхатында «Бүгінгі Қазақстан – өшпес рухани құндылықтарын қайта өркендетіп, бабалар дәстүрін келешекпен берік үйлестіре отырып, алға ұмтылған, өзінің бай әлеуетін іске асыру жолында қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Осының бәрі көп жағдайда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсаткерлік, жауапкершілік, дана және көреген қасиеттерінің арқасында мүмкін болды», деп атап өтілген.

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник құттықтау хатында Қазақстан жаңа өндіріс орындарын құрып, инновациялық техникалық және технологиялық шешімдерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың игілігі үшін одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысын «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Скотт Дэвис, «Kazzinc» ЖШС басшылары Никола Попович пен Геннадий Зилбберберг, «OKAN» компаниясының басқарма төрағасы Бекир Окан құттықтаған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар