Бөлімдер санаты
Нормативтiк құқықтық актiлер
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
123
45678910
11121314151617
18192021222324
2526272829
30
31
Барлық жаңалықтар

Нормативтiк құқықтық актiлер

Заңдар
30 желтоқсан 2019
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң Мемлекет басшысының зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың, қорықшылық қызметінің өміріне қол сұғушылықтар, мас күйінде көлік құралдарын жүргізу, сондай-ақ бірқатар өзге де ауыр құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Заңда бала асырап алуға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдайлар жасауға, шетелдіктерді міндетті тіркеудің күшін жоюға, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын оларды қолдану практикасы мониторингінің қорытындысы бойынша одан ары жетілдіруге бағытталған нормалар көзделген.       

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие законы
Все законы