National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар тапсыруға арналған рәсімге қатысты

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының ілтипатына ие болған және еліміздің дамуына ерекше еңбек сіңірген қазақстандықтарға ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнінің қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

Биыл мемлекеттік наградалар 1600-ден астам адамға берілді. Олардың қатарында ғылым, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, жұмысшылар мен ауыл еңбеккерлері, экономиканың түрлі саласының өкілдері бар.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы стратегиялық бағдарының арқасында бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілген, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар прогрессивті заманауи мемлекет қалыптасты.

Бүгінде Қазақстанда ауқымды жаңғыру үдерістері жүргізіліп жатыр. Басты мақсаты әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу болып саналатын «Қазақстан-2050» стратегиясы іске асырылуда. Ұлт жоспары, Үшінші жаңғыру және Президенттің әлеуметтік бес бастамасы қабылданды, халыққа арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдау, «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары, «Ұлы даланың жеті қырының» басымдықтары орындалуда. Бұлар экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған.

Г.Әбдіқалықова 2018 жыл мерейтойлық оқиғаларға толы болғанын айтты. Осы жылдың басты іс-шарасының бірі Астананың 20 жылдығы болды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды, АХҚО биржасы жұмысын бастады, «Астана Хаб» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі іске қосылды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретіндегі миссиямыз лайықты аяқталып келеді.

Соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова рәсімге қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, барлығына зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және еңбекте табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару