Бөлімдер санаты
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
 
 
1
2345678
9101112131415
16171819
20
2122
23242526272829
30
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар

26 маусым 2019
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстардың жәй-күйіне қатысты Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің және Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің ведомстволық наградаларын бекіту туралы ұсыныстары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар