Бөлімдер санаты
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
 
 
1
2345678
9101112131415
16171819
20
2122
23242526272829
30
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар

25 қаңтар 2019
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы 2018 жылғы мемлекеттік стипендиясын табыс етті
Алматы қаласы

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты тұжырымдамалық мақаласында айтылған: «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді», – деген сөзіне тоқталды.

Стипендия Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларын иеленген мәдениет пен өнер саласының еңбеккерлеріне, сондай-ақ айрықша дарынды шығармашыл жастарға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатымен ел мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайын берiледi.

Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласының 75 қайраткеріне тағайындалды. Олардың қатарында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Сара Тыныштығұлова, Тамара Фроловская, Аян Өтепберген, Самал Есләмова, Роман Жуков және басқа да танымал тұлғалар бар.

Мемлекеттік хатшы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада көзделген басымдықтардың, Жастар жылы іс-шараларының орындалуына шығармашыл зиялы қауым өкілдері елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова рәсімге қатысушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова сапар аясында Алматы қаласының «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Онда сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған және әлеуметтік, заңдық, психологиялық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта 50 орындық орталық 48 адамға қызмет көрсетуде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар