National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens Energy компаниясының басқарма төрағасы Кристиан Брухпен кездесті

2023 жылғы 29 қыркүйек

Германия, Берлин қаласы

Кездесуде энергетика секторындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы аталған секторды экономиканың іргетасы ретінде бағалап, Қазақстан энергетиканың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне қатысты мәселелермен белсенді айналысатынын айтты.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Siemens Energy компаниясы арасында қол қойылған Энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумның маңыздылығы атап өтілді. Бұл құжат компанияның еліміздегі энергетика және декарбонизация салаларындағы ірі энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда газтурбиналы электростанциялар салу ынтымақтастықтың маңызды бағыты екеніне назар аударды. Компания электр қуатын өндіретін жобаларға (Түркістан бу-газ қондырғысы, Алматы жылу электр орталығы) құрал-жабдық жеткізуге дайын.

Сонымен қатар Кристиан Брух Мемлекет басшысына Siemens Energy компаниясы Қазақстанның электр желілерін жаңғыртуға қатысты жоба әзірлеп, оны жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің