1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. 2016 жылдан бастап PhD докторантура бағдарламасы бойынша Ұлттық саяси зерттеулер институтында (GRIPS, Жапония) білім алды.
Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.
2014-2015 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер.
2015-2017 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясында Қоршаған орта және даму дивизионымен, Энергетика дивизионымен, сондай-ақ Макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру дивизионымен (Бангкок, Таиланд) тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.
2019 жылы Түркіменстандағы және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында, сондай-ақ БҰҰ ЭСКАТО ұйымының қоршаған орта және даму дивизионында қызмет атқарды.
2020-2021 жылдары – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары.
2021-2022 жылдары – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2022 жылдың наурыз айынан 2023 жылғы қаңтарға дейін — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2023 жылдың 4 қаңтарынан 1 қыркүйегіне дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
2023 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.