
1981 жылы дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д.А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.
2005-2006 жылдары – Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы;
2006-2008 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен;
2008-2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының бас кеңесшісі, меңгерушісі;
2012-2016 жылдары – ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары;
2016-2019 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі;
2019 жылы жеке құрылымда жұмыс істеген;
2019-2020 жылдары – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2020-2022 жылдары – «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары;
2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2023 жылғы маусымнан тамызға дейін – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
2023-2024 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2024-2026 жылдары – ҚР Үкімет Аппараты Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2026 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.