National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ұлттық кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесті

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесті. Басқосу офлайн және онлайн форматта өтті.

Ажар Ғиният өз сөзінде «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасының іске асуына, өңірлердегі медициналық нысандардың құрылысы мен жаңғыртуына, амбулаториялық деңгейдегі консультативтік-диагностикалық қызмет көлемінің ұлғаюына, медицина саласына қажетті мамандарды даярлау мен олардың жалақысын көтеру мәселесіне тоқталды.

Министр еліміздегі ауыл тұрғындары мен балалардың профилактикалық тексеруден өтуіне қатысты тізбесін арттыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, А.Ғиният коронавирус дертіне қатысты болжамымен бөлісіп, ревакцинация кампаниясын іске асыру мәселесі жөнінде сөз қозғады.

Содан соң кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Атап айтқанда ҰҚСК-нің мүшелері Мұрат Әбенов, Қайсар Тұрсынқожа, Айгүл Орынбек, Тәттігүл Талаева, Ләззат Қожахметова, Талғат Қалиев, Бөріхан Нұрмұхамедов, Қанат Сахариянов, Исламбек Салжанов, Эльдар Жұмағазиев, Бану Нұрғазиева, Қайырбек Арыстанбеков, Жеміс Тұрмағамбетова және Марат Шибұтов өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын қорытындысы бойынша қоғам белсенділері мен ведомство басшылығы кездесуде қозғалған проблемалар бойынша алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: