National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарбекұлы

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі: Алматы энергетика институтын және Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1997-1998 жылдары – «Тұран әлем банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары;

1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі;

1998-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2001-2003 жылдары – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және шағын бизнесті қорғау агенттігінің төрағасы;

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі;

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі;

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі;

2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы;

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы;

2022-2025 жылдары – Алматы қаласының әкімі;

2025 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Отбасылы, балалары бар. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы