National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесті.

Ерлан Қарин елімізді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жүйелі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар туралы айтып берді.

Соның ішінде, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елді жаңартуды көздейтін ұзақмерзімді бағдардың және жалпы саяси жаңғыру үдерісінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Ол билік тармақтары құзыреттерінің барынша тиімді тепе-теңдігін қалыптастыру, көппартиялы жүйені, азаматтық қоғам институттарын және адам құқығын қорғау саласын одан әрі дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының негізгі бастамаларына тоқталды.

Узра Зея Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық бастамаларына АҚШ-тың қолдау білдіретінін жеткізді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанның демократиялық үдерістерді одан әрі ілгерілету жолындағы іс-әрекетіне алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға ықыласты екенін танытты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару