National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссияның шешімімен 167 қазақстандыққа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның 131-і магистратурада, 4-уі докторантурада оқу және 32-сі тағылымдамадан өту үшін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндіріс орталықтарына жіберіледі.

Стипендиаттардың 65 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтар мен жаратылыстану ғылымдары бойынша, ал қалған 35 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен бірге Комиссия отырысында шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындау мәселесі де қарастырылды. Комиссия шешіміне сәйкес 481 үміткерге стипендия тағайындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші «Болашақ» халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы