Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен; Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен; Әбен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.