16-17 қазанда Қазақстан Президенті Милан қаласына (Италия Республикасы) сапармен барады деп көзделуде, оның аясында «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысу, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Басты тақырыбы «Орнықты даму және қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік» деп аталатын форум жұмысына 50-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Қазақстан Орталық Азиядан осы форумның мүшесі мәртебесіне ие болған бірден-бір ел болып саналады.