28 қазанда Қазақстан Президенті Дубайда өтетін 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады деп жоспарланып отыр. «Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған биылғы форум жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады. Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті.