5 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларымен Қазақстан Президентінің кездесуі жоспарланған. 6-7 қарашада Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысы болады деп күтілуде.