11 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады.