30 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Елбасы 1 желтоқсанда Астана қаласында Әскери-тарихи мұражайдың ашылу рәсіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараларға қатысады. Мемлекет басшысы 2 желтоқсанда елімізге ресми сапармен келетін Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған.