Қымбатты отандастар!
Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2019 жылға қадам басамыз.
Жаңа жыл – барша жұрт айрықша сезіммен, көтеріңкі көңілмен қарсы алатын жарқын мейрамның бірі.
Тарих қойнауына енгелі тұрған 2018-ші жыл егемен еліміз үшін берекелі әрі мерекелі жыл болды.
Биыл тәуелсіздігіміздің символына айналған Ақордалы Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын атап өттік.
Бас қаламызды ұлықтауға барлық өңірлеріміз жұмыла атсалысып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.
Жыл басында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындадық.
«Бес әлеуметтік бастаманы» жариялап, халқымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыруды маңызды міндет ретінде белгіледік.
Күллі түркі жұрты қастерлейтін Түркістан қаласы қайта түлеп, облыс орталығы мәртебесін алды.
Шырайлы Шымкенттің халқы бір миллионнан асып, республикалық маңызы бар қала атанды.
Біз халықаралық саясатта және экономикада маңызы зор шараларды жүзеге асырдық.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі екі жылдық қызметін абыроймен аяқтады.
Дүние жүзінің алып елдері бас қосатын осы беделді органға қаңтар айында төрағалық еттік.
Сапар барысында Америка Құрама Штаттарының Президентімен кездесіп, маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік.
Әлемнің әр түкпірінен келген дін көшбасшылары Астанада жиналып, өркениеттер диалогына үн қосты.
Ақтауда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін бекіткен тарихи құжат қабылданды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығын жаһан жұртына таныстырып, тың бастамаларды қолға алдық.
Орталық Азия мемлекеттерінің бес президенті біздің елордада бас қосып, тату көршілік қатынастарды жандандырдық.
Тәуелсіз Қазақстанның нышаны саналатын төл теңгеміздің 25 жылдығын атап өттік.
Ұлы даладағы ежелгі көшпенділер өркениетінің жаһандық маңызын қайта жаңғырттық.
Осы айтулы мерекелер мен ауқымды шаралар елдігімізді танытып, бірлігімізді бекемдей түсті.
Бұл жетістіктерге өздеріңізбен бірге жеттік, игі бастамаларды бірге жүзеге асырдық.
Ардақты ағайын!
Жаңа жылды әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қарсы алады.
Келер жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын!
Табалдырықтан аттағалы тұрған 2019 жыл әр отбасыға молшылық пен жақсылық әкелсін!
Дорогие соотечественники!
С особой радостью и волнением каждый из нас ожидает наступление Нового года.
Этот светлый и добрый праздник мы встречаем в единстве и согласии большой и дружной казахстанской семьей.
Мы связываем с ним свои самые смелые надежды и мечты, строим захватывающие дух планы и загадываем сокровенные желания на будущее.
Уходящий 2018 год был очень содержательным и динамичным для нашей страны.
Главным событием стало 20-летие прекрасной Астаны, ставшей ярким символом широкой и открытой души казахстанцев, олицетворением счастья и благоденствия нашего народа.
В этом году Казахстан еще больше укрепил свои позиции и авторитет на международной арене.
Мы успешно председательствовали в Совете Безопасности ООН – ключевой структуре управления в современном глобальном мире.
Состоялись мои знаковые визиты в Москву, Пекин, Вашингтон, Брюссель и в другие значимые для нашего государства столицы.
В уходящем году мы сохранили позитивную динамику экономического развития страны.
В рамках индустриализации запущены новые производственные предприятия и инфраструктурные объекты.
Значительно выросли объемы жилищного строительства и транзитных перевозок.
Увеличился экспорт казахстанской продукции и уровень цифровизации ключевых отраслей экономики.
Казахстанцы должны быть уверены в спокойствии и безопасности на улицах городов и сел нашей страны.
Поэтому начаты реформы в судебной и правоохранительной системе.
Дан старт масштабным мерам по повышению качества жизни и росту благосостояния наших граждан.
Все эти важные шаги и достижения стали возможны благодаря усилиям и труду всех казахстанцев.
Хочу выразить свою искреннюю признательность каждому из вас за вклад в процветание нашей Родины!
Уважаемые казахстанцы!
В условиях стремительно меняющегося мира главным фактором успешного развития страны являются люди, их таланты, знания и патриотизм.
Поэтому наступающий год объявлен Годом молодежи.
Уверен, молодое поколение оправдает наше доверие и сможет вывести Казахстан в число 30-ти лучших государств планеты.
Дорогие друзья!
Всего несколько мгновений осталось до Нового 2019 года!
Пусть мир, добро и благополучие будут в каждом казахстанском доме!
От всего сердца желаю всем счастья, здоровья и удачи во всех начинаниях!
Алдағы жыл Қазақстан үшін табысты әрі тағылымды жыл болады деп сенемін!
Баршаңызға зор денсаулық, халқымызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!