Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес полиция қызметінің тиімділігін арттыруға, ішкі істер органдарының міндеттері мен функцияларын нақты айқындауға, олардың жұртшылықпен өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіруге және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдікті нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. *** Мемлекет басшысы заңнамалық актілерді «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңына сәйкес келтіруге және қылмыстылыққа қарсы әрекет ету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. *** Мемлекет басшысы «Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзетуді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.