National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи үлесі және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» деген тақырыпта лекция оқыды

2015 жылғы 24 желтоқсан

 

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы   Ассамблеясының, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылым және өнер қайраткерлері, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының  студенттері қатысты.

Мемлекеттік хатшы 2015 жылы еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын, Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткеніне тоқталды.   

Г.Әбдіқалықова тыңдаушылар назарын мемлекет қайраткері ретіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың  тұлғасы әсіресе «қазақстандық экономикалық және әлеуметтік ғажайып құбылыс» деп аталатын оның «Қазақстан Жолын» әлемге танытқан бейбітшілік пен келісім саясатында айқын әрі ерекше көрініс табатынына  аударды.   

Мемлекеттік хатшы саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік бүгінгі таңда қазақстандық өмір салтына, ал этностық, мәдени және діни әралуандық жасампаздық пен даму ресурсына айналғанына сенімін білдірді.   

Г.Әбдіқалықова Ассамблеяның 20 жылдық дамуының қорытындысын шығара отырып, Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің, қоғамдық ықпалдасудың конституциялық қағидаттары орныққанын атап көрсетті. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның ортақ міндеті – «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын іске асыруға этномәдени бірлестіктердің, жұртшылықтың, барша халықтың белсене қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. 

Лекция соңында Мемлекеттік хатшы Ассамблеяның басты миссиясы мен міндетінің – Қазақстан халқын біртұтас етіп біріктіру ісінің табысты орындалғанын атап көрсетті. Бүгінде Ассамблея тұрақтылықтың сенімді факторы, қоғамдық келісімнің берік іргетасы, орнықты дамудың кепілі болып отыр.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің