National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы «Жастар» театрының «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» атты сахналық повесінің қойылымына барды

2016 жылғы 12 қазан

Парламент депутаттары, еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері тамашалаған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы» жарлығына сәйкес, қазан айына «Мәңгілік мұра» деген атау беріліп, ол Қазақстан халқы мәдениетінің жетістіктеріне, өнер мен  шығармашылықтың баға жетпес үлгілеріне арналып отыр.

Көрермен назарына ұсынылған қойылым көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысы негізінде қазіргі заманға сай үлгіде сахналанып, лирикалық әуенмен көмкеріліп, керемет үйлесіммен берілді.

Спектакль алдында Г.Әбдіқалықова  республикалық  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, Мемлекет басшысының еліміздің мәдениет саласының маңызды рөлін талай рет айрықша атап көрсеткенін айтты.  Бүгінде елімізде  64 театр, 234 мұражай, 4168 кітапхана және 3180 клуб жұмыс істейді.

Мемлекеттік хатшы «Жастар» театрында оның қазіргі жұмысымен, шығармашылық ұжымымен және алдағы жоспарларымен танысты. Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің рухани-мәдени өміріндегі «Жастар» театры шығармашылық труппасының  зор үлесін атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің