National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

2017 жылғы 31 наурыз

Отырыста Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның орындалу барысы қаралды. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға жемқорлық әрекеттердің алдын алу ісі негіз болғанын атап өтті.

Жұмыстың басты бағыттары: мемлекеттік қызмет саласында, квазимемлекеттік және жекеменшік секторда, сот және құқық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет ету, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 95% орындалды, ол осы жылы толығымен аяқталады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа заңдар қабылданды. Бұл құжаттар мемлекеттік институттар қызметінің жариялылығын және олардың қоғам бақылауында болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлеріне жүйелі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мәдениет пен ағарту ісі сияқты құқықтық тәсілдер жиынтығы тәжірибеге кеңінен енгізілді.

2016 жылы өкілетті орган 156 мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатеріне талдау жасады, жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әсер еткен жағдаяттарды жою жөнiнде 2 мыңнан аса ұсыныс жасалды.  

«Мемлекеттік органнан мемлекеттік органға», «Әкімдіктен әкімдікке» жобалары аясында министрліктерде және жергілікті атқарушы органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен қызметшілермен кездесулер өтті. БАҚ-та 80-нен астам айдар ашылды.

Жемқорлық үшін белгіленетін жазаға қатысты бұлтартпау қағидаты сақталып отыр. 2016 жылы  республикалық деңгейдегі – 18, облыстық деңгейдегі – 59, қалалық және аудандық деңгейдегі 134 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  Анықталған 13,6 млрд теңге көлеміндегі залалдың 5,3 млрд теңге қаржылық өтемі немесе 39%-ы өтелді.

Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде кезекті жоспар әзірлеуді тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің