National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2017 жылғы 13 наурыз

Отырыста «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда айқындалған міндеттерге сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Мемлекеттік хатшы қойылған мақсаттарға қол жеткізу көбіне сапалы білімге байланысты болатынын атап өтті. Сондықтан бағдарламаны жетілдіру елдегі адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.

Г.Әбдіқалықова осы мақсатпен құрамына мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері, заманауи халықаралық білім беру саласының сарапшылары және «Болашақ» бағдарламасының түлектері енген жұмыс тобы құрылғанын атап өтті. Жұмыс тобы «Қазақстан-2050» стратегиясында, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында айқындалған басымдықтарды ескере отырып, ұсыныстар әзірледі.

Отырыс барысында жұмыс тобының ұсыныстары талқыланды. «Болашақ» стипендиясы үш бағыт бойынша жетілдіріледі. Олар: 1) стратегиялық міндеттерге сәйкес, адами капиталдың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін артыру жолында стипендияның рөлін айқындау және күшейту; 2) стипендиаттарды іріктеудегі жаңа ұстанымдарды қалыптастыру; 3) түлектердің әлеуетін жүзеге асыру ісін дамыту.

Елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді перспективада оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен жастардың жоғары деңгейлі білім алуына инвестиция салу қажет болады. Бағдарламаны іске асыру жолдарын жетілдіру үміткерлердің қазіргі және келешектегі әлеуетін айқындауға, білім берудің басым бағыттарын анықтауға және шетелдік жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды қайта қарауға бағытталған критерийлерді дамыту мен үміткерлерді іріктеу жүйесін қамтитын болады.

Жұмыс тобы ұсыныстарды одан әрі пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің