National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2017 жылғы 17 қараша

Басқосуда мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттiк наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

Комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою туралы ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заң жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсынымдарды қарайтын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Жиын қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері марапаттау үшін Мемлекет басшысына ұсынылатын кандидаттарды анықтады.

Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі қалыптасқан дәстүрге сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің