Мемлекеттік хатшы ынтымақтастыққа және қазақ-чех қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Чехия елшісіне алғыс айтты. М.Тәжин екі елдің өзекті халықаралық мәселелер жөнінде ұстанымдары ұқсастығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі жаңа базалық келісімді әзірлеуге орай екіжақты байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға алғышарттардың бар екенін айтты. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың оң ахуалы мен перспективаларын қанағаттарлықпен атап өтті.