National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары» атты арнаулы баяндамасының халықаралық таныстырылымы өтті

2015 жылғы 19 мамыр

 

Таныстырылым барысында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Комиссия баяндамасының бірегейлігін атап өтті және құқық қорғау органдарының үкіметтік емес ұйымдармен адам саудасына қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылын жетілдіруге, сондай-ақ трафик құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған ұсынымдарға назар аударды.

Баяндаманың таныстырылымына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, құқықтанушы-ғалымдар, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, адвокатура, нотариат, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері мен сарапшылары Т.Әбішев, В.Воронов, Н.Шаханова, Р.Юрченко және З.Байсақова баяндаманы таныстырып, қатысушылар мен қонақтардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Таныстырылым барысында баяндамада Қазақстан бекіткен халықаралық келісім-шарттардың нормаларына сәйкес адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің салыстырмалы талдауы, құзырлы мемлекеттік органдар қызметіне берілген бағалау, Конституция нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын топтарына жататын азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарын қорғау тетіктерін әрі қарай жетілдіру мәселесі бойынша нақты қадамдар қамтылғаны атап өтілді.

Сондай-ақ іс-шара барысында Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қ.Сұлтанов, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азиядағы миссиясының басшысы Д.Кесерович, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары К.Величков, Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі К.Браун, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д.Кролл, Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі  О.-Й.Берной сөз сөйледі.

Сарапшылар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнаулы баяндамасына жоғары баға берді және ондағы ұсынымдардың Үкімет пен Парламент тарапынан нақты іске асырыла бастағанын айтты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің