Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған концертке Қазақстанның эстрада жұлдыздары, елдің алдыңғы қатарлы музыкалық және би ұжымдары қатысты. Қазақ халық аспаптары оркестрі мен Астана мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің шығармашылық ұжымы орындаған туындылар мен хореографиялық қойылымдар және патриоттық рухтағы музыкалық нөмірлер арқылы қазақстандықтар қастер тұтатын негізгі құндылықтар – халық бірлігі, қоғамдық келісім, татулық пен тұрақтылық, салт-дәстүр, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы кеңінен көрініс тапты.