National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы әскери және арнаулы атақтар тапсыру салтанатты рәсіміне қатысты

2014 жылғы 06 мамыр

 

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кезекті жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ сыныптық шендер тапсырды.

Қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев олардың еліміздің қауіпсіздігін, оның шекарасының қорғалуын, тәуелсіз мемлекет құрып жатқан қазақстандықтардың бейбіт еңбегінің алаңсыздығын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Бұған қоса, ол тарихи тұрғыдан Қарулы Күштер жастардың тәрбиесінде әрдайым маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

– «Офицердің ар-намысы» деген ұғым ешқашан ұмытылған емес және оның мәні ешқашан да төмендеген жоқ. Жауынгердің нағыз ерлігі Отаны мен халқы үшін өз өмірін қия білуінде. Отанға қызмет етудің үлгісін көрсете отырып, сіздер өскелең буынды тәрбиелеп, қоғамымыздың рухани негіздерін нығайта түсесіздер. Мемлекет сіздердің қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсене атсалысатындарыңызға  сенім артады.  Сіздер бұл міндетті орындап, алған атақтарыңызды ақтайды деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы берілген атақтар бүкіл әскери қызмет барысындағы ерен еңбектің нәтижесі екеніне тоқталып өтті.

– Бұл – мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Генерал болу – зор мәртебе, сіздер оған лайықты болуға тиіссіздер.  Мықты денсаулық және қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Салтанатты рәсім кезінде сөз сөйлеген офицерлер өздеріне берілген атақтар отандастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған барлық құрылымдарға берілген жоғары баға екенін айтты. Олар Қазақстан армиясының, құқық қорғау және арнаулы органдардың жақсы жарақтандырылғанын айтып, барлық күш-жігерлерін, тәжірибелері мен білімдерін ел халқына қызмет етуге жұмсайтындарына сендірді.

Шара барысында Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Р.Жақсылықовқа,  Қорғаныс министрінің орынбасары О.Сапаровқа генерал-лейтенант атағы берілді.

Генерал-майор атағы Ұлттық ұланның бас қолбасшысының бірінші орынбасары Б.Ашкаровқа, Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс департаментінің директоры Ж.Жұмашевқа, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы Н.Мұқановқа, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшының бірінші орынбасары – Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы М.Уашпаевқа, өңірлік қолбасшылық күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы күштерінің қолбасшысы басқармасының штаб бастығы М.Хусайыновқа берілді.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С.Әбішке, Астана қаласы бойынша департаменттің бастығы К.Елубаевқа, Ақтөбе облысы бойынша департамент бастығы Н.Қыдырбаевқа берілді.

Қаржы полициясының генерал-майоры арнаулы атағы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары А.Бодановқа берілді.

Сыртқы барлау қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы «Сырбар»  Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары Р.Омаровқа берілді.

Полиция генерал-майоры арнаулы атағы Қарағанды облысы ІІД бастығы М.Жаппаровқа, Алматы қаласы ІІД бастығы С.Күдебаевқа, Қостанай облысы ІІД бастығы Т.Маткеновке берілді.

3-сыныпты  әділет мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шені Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры С.Зайтлерге, Батыс Қазақстан облысының прокуроры С.Қарамановқа, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры И.Имановқа тапсырылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің