National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пасха мейрамымен құттықтауы

2014 жылғы 19 сәуір

 

Қымбатты отандастар!

Бүкіл жер шарындағы миллиондаған адам ерекше сезіммен күтетін жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – христиандар үшін ең қастерлі күн және биыл оны провославтар мен католиктер бір мезгілде мерекелеуінде символдық мән бар.

Пасха жаңару, шаттық және үміт лебін ала келеді. Ол ізгілік бастауының, ақиқат пен әділеттің салтанатын паш етіп, игі істерге шақырады.

Бұл күндері барлық адамға бірлік, сенім, өзара құрмет және сұхбаттасуға бейілділік сияқты құндылықтардың өміршең мәні айрықша айқын сезіледі. Гуманистік мұраттар ортақ рухани кеңістік қалыптастыра отырып, мейлінше құнды бола түседі.

Қазақстан – қоғамның нығаюына, елдің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын барлық дін үшін құшағы ашық ел. Біздің мемлекетіміз барлық конфессия өкілдеріне жайлы ахуал қалыптастырып отыр. Біз бәріміз бірге, соның ішінде провославтар мен католиктердің де белсене қатысуымен татулық пен келісім арқылы қуатты Қазақстанды қалыптастырудамыз.

Пасха – адамдарды жақындастыра түсетін отбасылық мереке және бұл тату-тәтті тұратын, ортақ болашағына сеніммен қарайтын алып шаңырақ іспетті біздің ел үшін ерекше маңызды.

Менің құттықтауымды және бақыт, игілік, жан жылуын тілеген лебізімді қабыл алыңыздар! Барша қазақстандықтарға өзара түсіністік пен келісім тілеймін!

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің