National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың АҚШ-қа жұмыс сапары жалғасуда

2016 жылғы 14 наурыз

 

Мемлекеттік хатшы Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының  60-сессиясына қатысып,  жиында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша баяндама  жасайды деп жоспарланған.

Сапар аясында Г.Әбдіқалықова 10-12 наурыз күндері Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен, іскер және қоғамдық топтарының өкілдерімен кездесті.

Мемлекеттік хатшы мен В.Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталықтың Кеннан институтының директоры М.Роджанскидің кездесуінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың, жаңғыртулар және реформалардың өзекті мәселелері талқыланды. Г.Әбдіқалықова біздің түпкілікті мақсатымыз бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етумен, мемлекеттің және қоғамның ұзақмерзімді дамуымен үндесіп жатқанын атап өтті.

Жаһандық әйелдер мәселелері жөніндегі АҚШ елшісі К.Расселмен кездесуде Мемлекеттік хатшы Қазақстан биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекеленетінін атап өтті. Ширек ғасыр ішінде еліміз табысты экономика, орнықты саяси және әлеуметтік жүйе қалыптастырды. Сонымен қатар осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына да 25 жыл толып отыр. Г.Әбдіқалықова тараптардың қарусыздандыру және қару таратпаудағы, демократиялық тректегі, энергетикалық, сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтағы және басқа да жетекші салалардағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік хатшы мен Әйелдердің жаһандық саммитінің президенті А.Нативидадтың кездесуінде елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін күшейту, мәртебесін көтеру және олардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Г.Әбдіқалықова іскер топтармен бірге жұмыс барысындағы түскі ас кезінде Қазақстан мен АҚШ-тың сауда-экономикалық ынтымақтастығын, екі елдің іскерлік және инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелерін талқылады.

АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтонда өткен кездесулер соңында Мемлекеттік хатшы Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өткен «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің