National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

2015 жылғы 05 тамыз

 

Сапардың бірінші күні Г.Әбдіқалықова «Қазақстан халқының біртектілігі мен бірлігі 100 нақты қадам контексінде» атты ғылыми-практикалық конференцияда құттықтау сөз сөйлеп, әйелдер қауымымен кездесті және бірқатар әлеуметтік кешендерде болып қайтты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға Шығыс Қазақстан облысының әкімі   Д. Ахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі В.Малиновский, сондай-ақ ғалымдар, судьялар корпусы, құқық қорғау және қадағалау органдарының басшылары, этномәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар конституциялық құрылыс, этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қазақстандық патриотизм мен біртектілікті қалыптастыру жөніндегі кешенді жұмыстар, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім» сынды кең ауқымды әлеуметтік жобаларын іске асыру, «Мәңгілік Ел» идеясындағы құндылықтарды қазіргі оқу бағдарламасына енгізу туралы мәселелерді талқылады.

Мемлекеттік хатшы сондай-ақ әйелдер қауымымен: мәслихат депутаттарымен, бизнес-қауымдастықпен, мәдениет және білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар басшыларымен кездесті. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруға әйелдер қауымының атсалысуын жандандыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіндегі әйелдердің үлесін арттыру, отбасылық-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.  

Г.Әбдіқалықова пайдалануға биыл берілген облыстық Қан орталығында болды. Заманауи автоматтандырылған құрал-жабдықтар лабораториялық зерттеулердің сапалы болуын және облыстың медициналық ұйымдарын жоғары сапалы қанмен қамтамасыз етеді. Орталықта жоғары білікті мамандар қызмет етеді: медициналық персоналдың 93 пайызы жоғары және бірінші санатқа ие болса, 7 маман АҚШ-та, Германияда, Израильде, Ресейде, Польшада оқу курсынан өткен.

2014-2015 оқу жылының ҰБТ көрсеткіші бойынша облыстың ең үздік мектебі болған О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейде Мемлекеттік хатшыға ҰБТ қорытындылары, жазғы демалысты ұйымдастыру, оқу жылына дайындық барысы туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ «Түлек.kz»  (түлектер), «Мейірім» (жетімдерді қолдау), «Окно в мир» (инклюзивті білім беру) жобалары таныстырылды.

Сондай-ақ Г.Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020»  бағдарламасына қатысқан азаматтардың отбасыларымен кездесті. Өскемен қаласының 19-тұрғын ауданында  2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының үшінші бағытының 2-компоненті аясында салынған көппәтерлі тұрғын үйге 60 отбасы қоныстанған. Оның ішінде экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден келген отбасылар бар.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Мемлекеттік хатшының назарына Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып қойылған экспозициялар, сондай-ақ «Қазақ елі: тарих, тағылым, тәуелсіздік» атты жылжымалы көрме ұсынылды.

Мемлекеттік хатшы кездесулер қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің