National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовті қабылдады

2012 жылғы 28 қараша

 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығының жай-күйі мен даму келешегі талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев біздің республикамыздың бұл ұйыммен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды.

О.Сүлейменов Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз еркін әлемге» атты халықаралық конференцияның маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, О.Сүлейменов Қазақстан Президентін Астанаға «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығы берілуімен құттықтады және бұл оқиға еліміздің одан әрі экономикалық дамуы үшін маңызды рөл атқаратынын айтып өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің