Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастық экономиканың көптеген саласы бойынша айтарлықтай жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті. Ресей дипломаты таяуда Қазақстан елордасында өткен, халықаралық қауымдастық үшін маңызды саналатын Астана экономикалық форумы туралы дипломатиялық корпустағы өз әріптестерінің оң пікірін жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде екі елдің гуманитарлық саладағы өзара ынтымақтастығының перспективалары да талқыланды.