National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2012 жылғы 10 желтоқсан

 

- Биылғы жыл – біздің мемлекеттік рәміздеріміздің 20 жылдығы. Бұл айтулы оқиғаны Қазақстанның жарқын әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-гуманитарлық жетістіктері тұрғысынан зерделей келгенде, Елбасының, Тұңғыш Президентіміздің «Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизм мен ұлттық сана-сезімнің биік рухын бейнелейтін халықтың аса маңызды рәміздері» деген ойлары өзіміздің ұлттық мемлекеттілігімізді қалыптастыру мен нығайтуға деген жауапкершілік деңгейін терең сезінуге жетелейді. Әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы – біздің Тәуелсіздігіміздің осынау шын мәніндегі қасиетті құндылықтарына терең құрметпен қарау, - деді Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып.

Осы мерейтойға арналған кешенді іс-шаралар еліміз көлемінде іске асырылды. Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет пен мақтаныш сезіміне тәрбиелеуге бағытталған көптеген акциялар барлық өңірде өткізілді және өтіп те жатыр. Биліктің барлық тармағының тығыз өзара іс-қимылының нәтижесінде мемлекеттік рәміздер жөнінде нақты тексерілген нормативтік құқықтық база құрылды. Жақында ҚР мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы Тұжырымдама бекітілді. Ережеге сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік рәміздерге үнемі құрметпен қарауға міндетті.

Мемлекеттік хатшы отырысқа қатысушылардың назарын мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу қажеттігіне аудара келе, әрбір жағымсыз факт ең қатал шараны талап ететінін атап өтті.

Комиссияның отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының, Ішкі істер министрінің, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қостанай облысы әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі жұмыстар туралы есептері қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.                    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің