National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті

2013 жылғы 21 ақпан

 

Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген адамдардың өтініштері, сондай-ақ көші-қон саясатының бірқатар мәселелері қаралды.

- Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық азаматтық институттың халықаралық беделі, біздің қоғамның әлеуметтік жүйесінің мәртебесі айтарлықтай өсті. Бұл факт қалыптасқан мемлекеттегі ұлтаралық қатынастың жоғары мәдениетін және қоғамдық-саяси тұрақтылығын танытады. Біз қатарымызға отандастарымыздың жаңа толқынының қосылғанына қуаныштымыз. Толық құқылы азамат болған олар тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамып, өркендеуіне өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Мемлекеттік құрылымдар олардың әлеуметтік бейімделуін тездетуге, сондай-ақ азаматтық алу туралы әрбір өтінішке ерекше жауапкершілікпен қарауға міндетті, - деп атап өтті өз сөзінде Мемлекеттік хатшы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің