National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық кеңес өтті

2015 жылғы 21 қаңтар

 

Кеңеске Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары – әкімдер жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың төрағалары қатысты. Оның барысында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі ережелерін іске асыруға арналған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 2015 жылғы жұмысының негізгі бағыттары белгіленді.

Г.Әбдіқалықова Ұлттық комиссияның биылғы жұмысында өңірлік дамуға баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекеттік хатшы кеңеске қатысушылардың назарын әйелдерді жұмыспен қамту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мәселелеріне аударды.  Г.Әбдіқалықова: «Еңбекке қабілетті және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар бірде-бір әйел жұмыссыз қалмауы тиіс!» – деді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында отбасын нығайту жұмысы Ұлттық комиссияның негізгі міндеттерінің біріне айналуға тиіс. Бұл орайда неке және отбасы институтын нығайтудың, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен сақтаудың айқын дәлелі болып табылатын «Мерейлі Отбасы» ұлттық конкурсы маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік хатшы: «Отбасын нығайту – қоғамдағы тұрақтылықтың, яғни елдегі татулық пен келісімнің кепілі!» – деп атап өтті.

Мемлекеттік хатшы өңірлер әкімдерінің орынбасарларына Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында Президенттің Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету жөніндегі бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуді тапсыра отырып, әйелдер арасынан шыққан соғыс ардагерлерінің, майдангерлер әйелдерінің, тылдағы еңбекші әйелдердің сіңірген еңбектеріне тоқталып өтті.

Селекторлық кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің