National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңін өткізу мәселесі жөнінде кеңес өткізді

2015 жылғы 09 шілде

 

Мемлекеттік хатшы Елбасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қоғамдағы неке және отбасы институтын нығайту, рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне мемлекеттің мүдделігі арта түскенінің жарқын көрінісі екенін атап өтті. Бұл ретте  байқаудың сапалы, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі үшін орталық және жергілікті органдардың іс-қимылын өзара үйлестіру, байқауды ақпараттық тұрғыдан кең ауқымда жариялап-көрсету қажет.

Бүгінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңін дайындау және ақпараттық жариялап-көрсету бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітілген.

Өңірлердегі байқау қорытындылары 2015 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы отбасылар саны 1,7 есе көбейгенін көрсетті. Қатысушылардың жалпы санының 77%-дан астамы (1767) – ауылдық жерлерде тұратын отбасылар (2014 жылы 16% болған). Өткен жылмен салыстырғанда, көпбалалы отбасылар екі есе, жас отбасылар бір жарым есе көп қатысты.

Еңбектегі 319 отбасылық әулет, 19 этнос жұртшылыққа кеңінен көрсетілді. Бұл отбасылар қастерлейтін басты құндылықтар – патриоттық сезім, үлкенге құрмет, рухани-адамгершілік қасиеттер және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Отбасылардың әр өкілі – еңбек адамы, ауылдың немесе қаланың қарапайым еңбеккері.

Соңында Г.Әбдіқалықова «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы үшін смс-хабарлама мен Интернет арқылы дауыс берудің барлық ұйымдастырушылық мәселелерін сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің