National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова кеңес өткізді

2015 жылғы 05 ақпан

 

Кеңесте этносаралық қарым-қатынастар мәселелері жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі бірлесіп өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері қаралды.    

Отырысқа Президент Әкімшілігінің басшылығы, мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдері, ҚХА-ның Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері қатысты.

Зерттеулер қорытындысын ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова таныстырды.

Г.Әбдіқалықова әлеуметтік зерттеулер жүргізу объективті қажеттілік екенін, оның қорытындылары мемлекеттік этносаясаттың негізгі бағыттарын, іске асырылу жолдары мен әдістерін айқындауға септігін тигізетінін атап көрсетті.

Мемлекеттік хатшы таныстырылым қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің