National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2016 жылғы 18 ақпан

 

Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болуына, жарақаттануына әкеп соқтырған жантүршігерлік оқиға туралы суыт хабардың қазақстандықтарды бей-жай қалдырмағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдеріміз үшін мұның ортақ қайғы екенін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы болған оқиғаға алаңдаушылығын білдіріп, барша қазақстандықтар атынан түрік халқына қолдау сөзін жеткізуді өтінді.

«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін, оның күрес тәсілдері мен жолдарын қатаң айыптайды. Қандай мақсатта болса да, жазықсыз қан төгуді еш ақтауға болмайды. Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған аумалы-төкпелі кезеңде біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Р.Ердоғанға, қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстары мен барлық түрік ағайындарға көңіл айтты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жарақат алғандардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің