Әңгімелесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығының жай-күйі мен даму келешегі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев біздің республикамыздың бұл ұйыммен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды. О.Сүлейменов Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз еркін әлемге» атты халықаралық конференцияның маңызын атап өтті. Сонымен қатар, О.Сүлейменов Қазақстан Президентін Астанаға «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығы берілуімен құттықтады және бұл оқиға еліміздің одан әрі экономикалық дамуы үшін маңызды рөл атқаратынын айтып өтті.