National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова VIII Астана экономикалық форумы аясында өткен «Нұрлы жол – жаңа мүмкіндіктер» атты Халықаралық әйелдер форумына қатысты

2015 жылғы 21 мамыр

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Қазбекова, Ауғанстан Парламентінің депутаты Ш.Баракзай, БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Х.Кларк, Нобельдік бейбітшілік сыйлығының 2011 жылғы лауреаты Т.Карман, сондай-ақ таяу және алыс шет елдердің саяси, экономикалық, бизнес-топтары өкілдері қатысты.

Форумды ашқан Г.Әбдіқалықова гендерлік теңдікті ілгерлетудегі және әйелдердің іскерлік белсенділігін арттырудағы еліміздің жетістіктерін атап өтті. Мемлекеттік хатшы институционалдық тәсілдерді жетілдірудің, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға  инвестициялар мен инновациялар тартудың және әйелдерді оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың заманауи инфрақұрылымын жасау қажеттілігіне назар аударды.

Г.Әбдіқалықова қазіргі кезеңде инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасындағы жобаларды іске асыру ісіне әйелдердің көбірек тартылуын қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. 

Сонымен бірге, форумда әлемдік жаңа трендтер жағдайында әйелдердің экономикалық белсенділігін одан әрі арттыруға қатысты сын-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланды.

Форумды Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырды. Форум жұмысының қорытындысы бойынша әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде ұсынымдар әзірленді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің