National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

2018 жылғы 25 қыркүйек

Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім беру тәжірибесінен креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға көшу, қажетті ақпаратты таба білу, оны ұтымды пайдалану ғаламдық дамудың маңызды мегатренді болып саналады» деген сөзінің мәніне тоқталды. Қарқынды  технологиялық даму жағдайында мамандар өз кәсібін өзгертуге, сондай-ақ білімдерін өмір бойы жаңартып отыруға дайын болуы керек.

– Бүгінде «Болашақ» стипендиясы осындай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың табысты платформасына айналып отыр, – деді Мемлекеттік хатшы.

2018 жылға жалпы саны 555 стипендия бөлінді.   

Комиссия жұмысының барысында «Болашақ» стипендиясы тағайындалатын үміткерлердің тізімі, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.

Комиссия шешімімен 142 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарына, ғылыми және өндірістік орталықтарға оқуға жіберілетін болады.

Басқосу қорытындысы бойынша Г.Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің