National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

2017 жылғы 25 сәуір

Отырысқа Парламент депутаттары, әкімдер орынбасарлары мен өңірлік ассамблея хатшылықтарының меңгерушілері, министрліктер мен ведомстволардың, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттерді іске асыру үшін қажетті зор жасампаздық әлеуеті бар Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы бүгінде ұлттың табыстылығының негізгі факторы адамның бәсекеге қабілеттілігі болып саналатынын атап өтті. Қазіргі заманғы қоғамдық мәдениеттің қалыптасуына, патриоттық тәрбиеге, ұлттың мәдени-генетикалық кодты сақтаудың, ұлттық бірегейлікті нығайтудың өзегіне айналар «Туған жер» бағдарламасы және «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобаларын іске асыруға Ассамблея өз үлесін қосуға тиіс.

Отырыс барысында Ассамблеяның Қостанай облысындағы қызметінің жаңа бағыттарының іске асырылу тәжірибесі, Парламент Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының және Қазақстандағы өзбектер қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының жұмысы талқыланды.

ҚХА Кеңесі ротация қағидатына сәйкес Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасарларының кандидатураларын ҚХА сессиясының қарауына ұсынды, сондай-ақ ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісін бекіту туралы Хатшылықтың ұсынысын мақұлдады және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық марапаттары туралы ережені бекітті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің