National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы даладағы Мемлекеттілік және Парламентаризм» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты

2015 жылғы 03 желтоқсан

 

Іс-шараны Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Түркітілдес елдер парламентаралық ассамблеясына мүше мемлекеттердің өкілдері, атап айтқанда Әзербайжан Милли Меджлисінің төрағасы О.Асадов, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары А.Айдын, сондай-ақ Мажарстан Парламентінің вице-спикері М.Матраи, халықаралық ұйымдардың басшылары, елшілер мен көрнекті ғалымдар және зиялы қауым қатысты. 

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында «Қазақстанды – Ұлы Дала Елі!» деп атап көрсеткеніне назар аударды. Осыған байланысты өткізіліп отырған халықаралық конференцияның Ұлы Даладағы мемлекеттілік негіздерін және түркітілдес халықтардың ортақ құндылықтарын зерделеу тұрғысынан маңызды екенін айтты.

Конференцияда Стамбұл университетінің профессоры О.Серткая, «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің професоры Қ.Қоңкабаев, өзбек ғалымы Ғ.Бабаяров баяндама жасады.

Сондай-ақ конференция барысында б.д. VII ғасырда Шығыс Түркі империясының қағаны Елтеріс Құтлық жасатқан «Мәңгі тас» тарихи ескерткішінің ғылыми көшірмесін салтанатты ашу рәсімі өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің