National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына барды

2015 жылғы 21 сәуір

 

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіру үдерісімен, үміткерлерді конкурстық іріктеудің, оқу мониторингімен және бағдарлама түлектерін одан әрі жұмыспен қамтудың тетіктерімен танысты.

Г.Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған жылдары экономиканың түрлі салалары үшін 7 929 маман, соның ішінде 3 мыңнан аса инженер мен технолог, 600-ге жуық дәрігер, 1 500-ден астам мұғалім, оқытушы, ғылыми қызметкер, 81 PhD докторы, ұлттық және жеке компаниялардың 2 000-нан аса маманы даярланғанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде «Болашақ» стипендиясының иегерлерінің әлеуетін барынша пайдалану және оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігі туралы Елбасының айтқан сөзіне айрықша назар аударды.    

Г.Әбдіқалықова сондай-ақ стипендиаттармен, түлектермен және шетелдік серіктестермен күнделікті байланысты қамтамасыз етіп отырған Орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесті.  

Сонымен қатар, жұмыс бабындағы кеңес өткізіліп, оған Президент Әкімшілігінің өкілдері, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқасымова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Арғандықов қатысты.

Орталық президенті Г.Нығыметов стипендияны жүзеге асыру және  2016-2020 жылдарға арналған стипендияны дамыту жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Ұлттық экономика министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың келешегіне қатысты бірқатар ұсыныс жасады.

Кездесуді қорытындылай келе, Мемлекеттік хатшы Стипендияны дамытудың алдағы бес жылға арналатын жаңа жоспарын экономиканың барлық салалары үшін нақты бейімделген дербес кадрлар даярлау және стипендия сапасын арттыру тетіктерімен нақпа-нақ байланыстыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова «Қазақстан – 2050» стратегиясын, инфрақұрылымдық  дамудың «Нұрлы жол»    мемлекеттік бағдарламасын, «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы ұсынған  5 институционалдық реформаны іске асыру аясында «Болашақ» стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің